Компания туралы

«Alim» Оқу орталығы» ЖШС компаниясы туралы-Қазақстан Республикасында мұнай-газ, мұнай-химия, мұнай өңдеу және энергетика салаларында техникалық курстар мен сараптамалық қызметтердің кең спектрін ұсынатын кәсіби және сертификатталған (ISO 9001-2009) сервистік компаниясы 2008 жылы құрылды.

Оқу орталығының міндеті өнеркәсіптік қауіпсіздік және әлеуметтік - экономикалық саласында олардың қызметкерлерін арнаулы оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жолымен ұйым-клиент жұмысшыларының құзыреттілік деңгейін арттыру болып табылады.

Компания туралы толығырақ...
Біздің Команда

Оқу курстары


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау


Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік


Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету


Өрт – техникалық минимум


Автомобиль кранының машинисті


Технологиялық құбырлар құрастырушысы


Күкіртті сутегі қауіпсіздігі


Сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарының операторы


Дәнекерлеуші


Қауіпті жүктерді тасымалдау


Газ шаруашылығын қауіпсіз пайдалануға жауапты тұлға


Жүк ілдіруші

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптама


Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық


Бизнес тренингтер


Қызметкерлерді басқару және дамыту


Стратегиялық басқару


Тайм-менеджмент


Келіссөздер жүргізу дағдылары

 

Көшбасшылық және басқару дағдылары

 

Командада жұмыс істеу және команда құру

 

Курстар туралы толығырақ білгілеріңіз келе ме? Өтінімдерді қалдырыңыз!

Бізге сенеді

×

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

 

Курс меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан ұйымдардың ИТҚ және ұйым қызметкерлерін дайындауға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендету бойынша алдын алу шараларын қамтамасыз ету мақсатында практикалық қызметте қолдану үшін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын зерттеу үшін арналған.

Курстардың тізімі:

  • Техникалық басшылар мен ИТҚ үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (3 жылда 1 рет)
  • Жәй жұмысшылар үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (жыл сайын)

×

Өрт – техникалық минимум

 

Өрт қауіпсіздігі шараларын өткізу арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту техникалық минимумда өртке қарсы режим, технологиялық процесс пен ұйым өндірісінің өрт қауіптілігі бөлігінде құзыреттіліктерді игеру үшін, сондай-ақ ұйымда өрттің алдын алу, өрт кезінде адамдардың өмірін, денсаулығын және мүліктерді құтқару бойынша практикалық дағдыларды әзірлеуге мүмкіндік беретін өрт туындаған кездегі тәсілдер мен әрекеттер үшін жүргізіледі.

Курстардың тізімі:

  • Ұйым басшылары үшін өрт-техникалық минимум (3 жылда 1 рет)
  • Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлер үшін өрт – техникалық минимум (3 жылда 1 рет)
  • Жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша өндіріс А,Б санаты бар үй-жайлары, ғимараттары, құрылыстары иемденген объектілердегі қызметкерлер үшін үшін өрт-техникалық минимумы (объектінің функционалдық мақсатына байланысты емес қызметті жүзеге асыратын көмекші жұмысшыларды қоспағанда) (3 жылда 1 рет)
  • Бензинмен кескішті, желімді, мастиканы, полимер материалдарды, дәнекерлейтін лампаны, шырақтарды, жанарғыларды, битумды, сондай-ақ күл мен ұшқын бөлінуімен бірге жүретін жұмыстарды пайдалана отырып, электр газбен дәнекерлеу жұмыстарын орындайтын қызметкерлер үшін өрт-техникалық минимумы (3 жылда 1 рет)
  • Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты қызметкерлер үшін өрт – техникалық минимумы (3 жылда 1 рет)
  • Өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдар көп жиналатын объектілердің қызметкерлері үшін, оның ішінде жекелеген жұмыс учаскелерінде өрт – техникалық минимумы (3 жылда 1 рет)

×

Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік

 

Курс қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшылары мен мамандарына арналған.

    • Техникалық басшылар, мамандар және ИТҚ үшін қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік (3 жылда 1 рет)
    • Қауіпсіз өндіріске жауапты лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер үшін қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік (жыл сайын)

×

 

Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету

 

 

Курста тыңдаушылар жаңа білім мен практикалық дағдыларды, шұғыл жағдайларды модельдей отырып, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуді игереді. Практикалық дағдыларды пысықтау үшін манекендер, зембілдер және қол астындағы құралдар қолданылады.

×

 

Дәнекерлеуші

 

 

Курс өнеркәсіптік жабдықтарды, құрылыс құрылымдарын монтаждау, қайта жаңарту, дайындау және жөндеу жұмыстарына тартылған дәнекерлеушілер мен дәнекерлеу өндірісінің мамандарын дайындауға арналған.
Курс тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Курстардың тізімі:

    • Жабық электродтармен қолмен доғалы дәнекерлеу
    • Балқымайтын электродпен қолмен аргонодугалық дәнекерлеу
    • Белсенді газдар мен қоспалардың ортасында балқитын электродпен механикаландырылған дәнекерлеу
    • Газды құбырды дәнекерлеу
    • Полимерлі құбырларды дәнекерлеу
    • Дәнекерлеу өндірісі мамандарын аттестаттау (II деңгей , III деңгей, IV деңгей)

×

 

Қауіпті жүктерді тасымалдау

 

 

Курс жүргізушілерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша және халықаралық бағыттарда қауіпті жүктерді автокөлікпен тасымалдау бойынша дайындауға арналған.

Курстардың тізімі:

  • Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік жүргізушілерін даярлау (базалық курс)
  • Цистерналарда қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік жүргізушілерін даярлау
  • Жарылғыш заттарды және 1-класты бұйымдарды тасымалдайтын автокөлік жүргізушілерін даярлау
  • 7 класты радиоактивті материалдарды тасымалдайтын автокөлік құралдарының жүргізушілерін даярлау
  • Қауіпті жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультанттарды даярлау (5 жылда 1 рет)
  • Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша жүргізушілерді кезекті аттестаттау (3 жылда 1 рет)

×

 

Автомобиль кранының машинисті

 

 

Курс автомобиль кранының машинистерін дайындауға арналған
құрылыс-монтаж, жөндеу — құрылыс және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

×

 

Технологиялық құбырлар құрастырушысы

 

 

Курс монтажшыларды даярлау және қайта даярлау, магистральдық құбыр көлігі объектілерінде жұмыстарды орындайтын адамдар үшін арналған. Оқыту теориялық сабақтар курсын оқып, құрастыру сызбаларын оқып үйренуден тұрады.
Мамандықты оқыту теориялық және тәжірибелік бөлімді қамтиды.

×

 

Күкіртті сутегі қауіпсіздігі

 

 

Курстың мақсаты күкіртті сутегінің сипаты туралы қажетті білім алу болып табылады және төтенше жағдайлар туындаған кезде нақтылы іс-әрекет қолдану.
Курс тыңдаушылары қауіпсіздік бойынша, төтенше жағдайлар кезінде тиісті тәртіптерді қолдану бойынша, сондай – ақ күкіртсутектің химиялық қасиеттері, құтқару операциялары және алғашқы көмек көрсету және тыныс алу аппараттарын (ТАА) тәжірибеде қолдану бойынша негізгі дағдыларға ие болады.

Курстардың тізімі:

  • Техникалық басшылар, мамандар және инженерлік – техникалық қызметкерлер үшін күкіртті сутегі қауіпсіздігі (3 жылда 1 рет)
  • Қауіпсіз өндіріске жауапты лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер үшін күкіртті сутегі қауіпсіздігі (жыл сайын)

×

 

Сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарының операторы

 

 

Курс қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларымен,
жабдықтарды, құрылғыларды басқару және қазандықтың жұмыс режимдерін реттеуге, қызмет көрсетуге және орнатуға арналған. Курста тыңдаушылар сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жүйелердің құбыржолдарын қауіпсіз пайдалану талаптарымен, оны қорғау тетіктерімен танысады.

×

 

Газ шаруашылығын қауіпсіз пайдалануға жауапты тұлға

 

 

Курс қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны ескере отырып жасалған
Қазақстан Республикасы және газ шаруашылығын қауіпсіз жүргізудің заңнамалық талаптарына байланысты газ құбырлары мен газ жабдықтарын орнату, олардың қауіпсіз жұмысын ұйымдастыру, еңбекті қорғау ережелерінің қолданылуын бақылауға қатысты мәселелерді қамтиды.

×

 

Жүк ілдіруші

 

 

«Жүк ілдіруші» курстары көптеген ережелерді және көтергіш құрылымдардың жұмысының қауіпсіздігі үшін қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарын
үйренуді қамтиды. Оқыту барысында курс тыңдаушылары жүктерді ілмектеу дағдылары мен ережелерін, ілмектеу жұмыстарының технологиясын, әртүрлі ілмектерді пайдалану және сақтау тәсілдерін меңгереді.

×

 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптама

 

 

  • қауіпті және өндірістік объектіні кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттама;
  • қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылар;
  • қауіпті және өндірістік объектідегі ғимараттар мен құрылыстар;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары

×

 

Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау

 

 

Аттестаттау инженерлік-техникалық қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін және құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін айқындау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.
Тестілеу нәтижелері бойынша тест тапсырған үміткерлер
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсына аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлер тізіліміне енгізілетін біліктілік аттестаты.